Жоғары оқу орнына түсу үшін емтихан тапсыру басталды

1456

Биылғы жылы ҰБТ тапсыруға 117 мың 242 адам өтімін тапсырған.

Жоғары оқу орнына түсу үшін емтихан тапсыру басталды

Бүгін елімізде Ұлттық Бірыңғай тест тапсыру басталды, ол 30 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". Биылғы жылы ҰБТ тапсыруға 117 мың 242 адам өтімін тапсырған, оның 96 мыңы биылғы жылдың түлектері, қалған 20 мыңнан астамы биылғы және былтырғы жылы колледж бітірген түлектер деген болатын білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов.

88 мыңнан астам түлек ҰБТ-ны қазақ тілінде, 28 мыңы орыс тілінде, 181-і ағылшын тілінде тапсырады.   ҰБТ Қазақстанда 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. 2017 жылға дейін ҰБТ  үш функцияны атқарған болатын.  2017 жылдан бастап қорытынды аттестация немесе мектеп бітіру емтиханы мектептерде өтеді. Ал ҰБТ жоғары оқу орнына, оның ішінде білім гранттарын тағайындау үшін өткізілетін болды.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу