Жоғары оқу орнының түлектеріне Upgrade бағдарламасын ұсыну қажет

686

Оқуын тәмамдаған жас мамандар жоғары оқу орындарында білімін жаңартып отыруға мүмкіндік алуға тиіс. Бұл үшін түлектерге Upgrade бағдарламасын әзірлеп, ұсыну қажет. Білім және ғылым министрінің штаттан тыс кеңесшісі Мирас Дәуленов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоғары оқу орнының түлектеріне Upgrade бағдарламасын ұсыну қажет

"Білімнің де ескіретінін ұмытпау қажет. Бүгін өзекті болған дүние 3-5 жылдан кейін маңызын жоғалтуы мүмкін. Мәселен, технологиялардың тез дамуы, науқастарды емдеудегі сан түрлі әдістердің пайда болуы - мұның бәрі білімді толықтырып отыруды талап етеді...", – деді Мирас Дәуленов.

Сөз арасында ол Нархоз университетінің түлектері үшін Upgrade бағдарламасы ашылатынын, жыл сайын түлектер тегін интенсивті оқыту бағдарламасына шақырылатынын айтты.

Бүгінгі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарының барлығы түлектерге өзіндік үлгідегі диплом табыстап жатыр. Бұл – әр университет өзі берген білімнің сапасына тікелей жауапты деген сөз.

Осыдан үш жыл бұрын еліміздегі жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды. Осылайша оқу орындары үшін жұмыс берушілердің сұранысына қарай жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігі туды.

"Студенттерді білім алуға үйрету өте маңызды. Оқу орны өз алдына осындай міндет қоятын болса, студент жаңа білімге талпынады. Жоғары оқу орнының міндеті – түлектерге ең қажет білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік жасау", – деді Мирас Дәуленов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу