Жоғары оқу орындары білім берудің аралас форматына көшуі мүмкін

803

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жаңа оқу жылына дайындық барысы мен оқыту форматына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жоғары оқу орындары білім берудің аралас форматына көшуі мүмкін

Вице-министрдің сөзінше, жоғары оқу орындары оқуды аралас форматта жүргізу туралы шешім қабылдауы ықтимал. 

"Алдағы оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын студенттер дәстүрлі форматта оқиды. Айта кеткен жөн, жоғары оқу орындарының шешімі бойынша оқу аралас форматта жүргізілуі мүмкін. Яғни дәрістер онлайн, ал семинарлық, зертханалық және тәжірибелік сабақтар офлайн режимде ұйымдастырылады. Қашықтан оқыту форматы ерекше білім беру қажеттілігі бар және тәуекел тобындағы студенттерге, оның ішінде  жүкті, бала емізетін және тағы да басқа топтарға қатысты қолданылуы мүмкін", – деді Қуаныш Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу