Жоғары оқу орындарына "Бір аудитория – бір топ" қағидасы енгізіледі

812

Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарында бұқаралық сипатта іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жоғары оқу орындарына "Бір аудитория – бір топ" қағидасы енгізіледі

Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, оқу барысында "Бір аудитория – бір топ" қағидасы қатаң сақталады. Аудиторияларды желдету және санитарлық тазалау жұмысы үшін үзіліс беріледі.

"Жылжымалы сабақ кестесін белгілеу жоспарланып отыр. Жұқпалы ауру белгісі пайда болған жағдайда студенттер оқуды қашықтан жалғастыра алады. Эпидемиологиялық жағдай нашарлап, құзырлы органның тиісті шешімі болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшу бойынша дайындық пысықталуға тиіс. Жоғары оқу орындары студенттерді офлайн режимнен онлайн форматқа ауыстыру алгоритмін әзірлеуге тиіс. Жаңа оқу жылында білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алу және шетелде тағлымдамадан өту шаралары қайта басталады деп жоспарлап отырмыз. Әлбетте, эпиджағдайға байланысты шектеу шаралары қолданылатын елдерді есепке алмағанда", – деді вице-министр.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу