Жоғары оқу орындарына қойылатын бірыңғай талаптар өзгереді

197

Қазан айының соңына дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі елімізде филиалдар ашқан ЖОО-ға Бірыңғай талаптар қояды. 

Жоғары оқу орындарына қойылатын бірыңғай талаптар өзгереді Фото: nov-rada.gov.ua

Олар білім беру бағдарламаларын, оқыту технологияларын және студенттердің білімін бағалауды қамтиды. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
 
Сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетін арттыру үшін келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ЭЫДҰ критерийлері бойынша білім беру сапасына тәуелсіз бағалау жүргізілетін болады. ЖОО-ға лигалар бойынша рейтинг беріледі: жоғары, орта және мақсатты. Лигаға байланысты гранттар сараланады, сондай-ақ оқуға түсу үшін шекті ұпайлар қайта қаралады.
 
Жыл соңына дейін "Жайлы мектеп" мектептерді басқарудың жаңа моделі бекітіледі. 1 желтоқсанға дейін қаржыландыру көздерін көрсете отырып, алдағы 3 жылға 1,3 мың мектепті күрделі жөндеу жоспары әзірленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу