Жоғары сейсмикалық жағдайда дәл есептейтін жабдық сатып алынды

405

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ зертханалық базасы Midas 3D және Plaxis 3D үлгідегі жаңа бағдарламалық өнімдерімен толықтырылды. 

    Жоғары сейсмикалық жағдайда дәл есептейтін жабдық сатып алынды Фото: ҚР ИИДМ

Бұл аппарат күрделі геологиялық және жоғары сейсмикалық жағдайларда геотехникалық профильдерді (сараптамалық модельдеуді) заманауи деңгейде орындауға мүмкіндік береді. Айта кетейік, геотехникалық есептеулер жобалық шешімдерді тексеру үшін аса маңызды және кез келген жобадағы кемшіліктерді анықтап, жоюға септігін тигізеді.

Институттың зертханалық базасының кеңеюі қолданыстағы, сондай-ақ жаңа буындағы аспаптармен толығуға мүмкіндік берді. Үшосьтік нығыздау әдісі топырақтың физика-механикалық өлшемдерін нақты анықтауға арналған тиімді тәсілдердің бірі. Бұл арқылы салынған ғимараттың түбіндегі топырақтың қандай көлемдегі салмаққа шыдас беретінін анықтауға болады.

Енді сарапшыларға темірбетон қадаларының сапасын сынауға, құрылысқа арналған жерді нығайтуға, деформация модулін бағалап, топырақтың геофизикалық қасиеттерін зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарды орындауға жол ашылып отыр. Сондай-ақ бұл бағдарлама еліміздің құрылыс нормаларында ұсынылған топырақтың неғұрлым қолданбалы модельдерін толық қолдануға және құрылыстағы заманауи тәсілдерге сәйкес жобалауды орындауға оң әсер беретінін айта кетейік.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу