Бүгін жоғары сот кеңесі еліміздің 25 судьясын лауазымынан босатып, зейнеткерлік жасқа жеткен 1 судьяның қызметтік мерзімін ұзартты. Сондай-ақ Алматы қалалық сотының және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының төрағаларын тағайындады, деп хабарлайды khabar.kz.
Заңгерлер мен жоғарғы сот судьялары және жоғарғы сот төрағасы қатысқан кеңесте сот алқасының шешіміне берілген 2 шағым қаралып, біліктілік комиссиясының осы жылы атқарған жұмысы баяндалды. Жиын соңында жоғары сот кеңесінің келер жылы атқаратын жұмыстарының басым бағыттары айтылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу