Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары сот кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенова: "Тәртіптік жауапкершілікке істі қарау кезінде заңды өрескел бұзған судьялар ғана тартылады. Бірақ бұл туралы апелляциялық немесе кассациялық инстанция белгілеуі керек. 2019 жылдан бері 60 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 2020 жылы – 66, 2021 жылы – 71, 2022 жылдың он айында 47 адам жауапқа тартылды. Соның ішінде қызметтен босатылғандар туралы айтсақ, 2019 жылы 12 адам қызметтен алынды. Бұл – қарауға түскендердің 20 пайызы деген сөз. 20 адам сөгіс, 29 адам ескерту алған. Яғни 50 жауапқа тартылғанның жартысына ескерту жарияланған. 2020 жылы 12 адам лауазымнан босатылса, 2021 жылы екі адам қызметтен алынды. Биыл 10 айда 9 судья лауазымынан босатылды", – деп мәлімдеді.