Жоғары Сот кеңесі құрамын тағы бір рет қайта қарау керек – Президент

202

Мұндай органдарда прокуратура өкілдері болмауы керек.

Жоғары Сот кеңесі құрамын тағы бір рет қайта қарау керек – Президент Фото: freepik

Бұл туралы Қазақстан судьяларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада судьялардың IX съезінің ашылуында Мемлекет басшысы сот жүйесі құқықтың үстемдігін қамтамасыз ете алатынын, тәуелсіз және кәсіби судьялар корпусы кезінде ғана азаматтардың құқықтары мен мүдделерін объектив және бейтарап қорғай алатынын атап өтті.

"Осы мақсатта 2021 жылы Жоғарғы Сот кеңесінен Әділет министрі мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы шығарылды. Судьяларды қабылдаудың бүкіл процесінің объективтілігін қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот кеңесі құрамын тағы бір рет қайта қарау керек. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай органдарда прокуратура өкілдері болмауы керек", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Жоғары Сот кеңесінің теңгерімді құрамын қалыптастыру мәселесін мұқият пысықтау қажет.

"Сонымен қатар, судьяларды өз құзыретін үнемі арттыруға, жұмысқа адал және жауапкершілікпен қарауға ынталандыру қажет. Мен Жоғарғы Соттың судьяларға біліктілік сыныптарын беруді қайтару туралы ұсынысын қолдадым. Судьялардың кәсібилік деңгейін бағалау процесі барынша объектив болуы қажет. Бұл қадам судьялар корпусының кадрлық әлеуетін нығайтуға үлес қосатынына сенімдімін", - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу