Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертеді

342

Соңғы 10 жылда алғаш рет Кеңес Регламенті қайта қаралды.  

Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертеді Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Кандидаттарды бағалаудағы "кедергі келтіреді", "кедергі келтірмейді" деген тұжырымдардың орнына ашық балдық жүйе енгізілмек, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ отырыста аудандық соттардағы 91 бос судья лауазымына арналған конкурс қорытындыланды. Байқауға 294 өтінім түскен. Ең жоғары бәсекелестік Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тіркелді. Мұнда бір орынға 97 кандидаттан өтінім түскен. Конкурс нәтижесінде 61 кандидатқа ұсыным берілді. Оның 47-сі судьялар корпусын алғаш рет толықтыратын заңгерлер.

Ал 14 жұмыс істеп жүрген судья жаңа лауазымдарға ұсынылды.

Сонымен қатар Кеңес әртүрлі негіздер бойынша 50 судьяны қызметтен босатуды ұсынды. Оның 25-і отставкаға шығуына байланысты. Кеңес бұл шешімдер сот жүйесіндегі кадрлық іріктеудің ашықтығы мен кәсібилігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу