Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялады

266

Барлығы 41 бос лауазым.

Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялады Фото: Inbusiness.kz

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық соттардың төрағаларын қызметке сайлау жөніндегі жаңа тетік заңнамалық түрде енгізілді.

Бұл тетік бойынша аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді облыстық және оған теңестірілген соттардың кеңейтілген жалпы отырысының шешімі негізінде сайланған адамдар арасынан Жоғарғы Сот Кеңесімен  жүзеге асырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесіне сілтеме жасап. 

Іріктеуге жұмыс істеп жүрген судьялар немесе судья лауазымында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар қатысуға құқылы.

Іріктеу келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. Кеңестің интернет-ресурсында бос лауазымдардың тізімін орналастыру;
  2. аудандық және оған теңестірілген сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтардан құжаттарды қабылдау(конкурсқа қатысуға арналған құжаттар  cияқты);
  3. құжаттардың заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігін алдын ала қарастыру;
  4. кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберу және Кеңестің интернет-ресурсында іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімін орналастыру;
  5. Кеңес облыстық немесе оған теңестірілген соттарға көрсетілген сот төрағаларының лауазымдарына кадр резервінде тұрған адамдардың  (болған жағдайда), сондай ақ өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдардың тізімін жібереді;
  6. облыстық немесе оған теңестірілген соттың кеңейтілген жалпы отырысында Кеңес ұсынған кандидатураларды қарау;
  7. облыстық немесе оған теңестірілген соттың кеңейтілген жалпы отырысында жасырын дауыс беру арқылы әрбір лауазымға кемінде 2 мықты кандидатты сайлау, сондай-ақ жекелеген кандидаттардың сайлануы немесе сайланбауына байланысты  дәлелді негіздемелерді Кеңеске жолдау;
  8. облыстық немесе оған теңестірілген соттың кеңейтілген жалпы отырысында ұсынылған кандидатураларды Кеңес отырысында қарау;
  9. Кеңестің кандидаттарды мақұлдауы немесе қабылдамауы.

Іріктеуге қатысу үшін жұмыс істеп жүрген судьялар ұсынатын құжаттар тізімі ( өту).

Құжаттарды тапсырған кезде кандидаттар құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) сақтау құрылғысында (диск, флеш-карта) қоса беруі қажет.

Барлық ұсынылған құжаттарда өзекті ақпарат болуы керек, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда тіркеу нөмірі мен күні болуы керек. Құжаттарда кандидатқа қатысты өзекті мәліметтер болуға тиіс.

Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.

Құжаттарды ұсыну мерзімдері

Құжаттар 2024 жылғы 18 наурызға дейін қоса алғанда келесі мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.

Құжаттар тиісінше немесе толық ресімделмеген жағдайда қайтарылады.

  • Қосымша мәліметтер
  • Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
  • Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-91-03, 74-95-42, 74-96-47.
  • WhatsApp и Telegram нөмірі 8 777 031 68 91.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу