Жоғары сот судьялары қызметінен босатылды

124

Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.

Жоғары сот судьялары қызметінен босатылды Фото: © Sputnik

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 22-бабына, ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңының 34-бабының, 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес комитет парламент сенатына Ғабит Өмірханұлы Әлжановты, Роза Қайроллақызы Жакудинаны, Тыныштық Әмірқызы Молдахметованы орнынан түсуіне байланысты ҚР Жоғары сотының судьялары қызметінен босатуды сұрайды.

– Әріптестеріміз өздеріне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроаймен атқарды. Алдағы уақытта барлық істеріне сәттілік тілейміз! – деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, судьялар ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 22-бабына, ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 34-бабының, 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу