Жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіпкерлік туралы оқу құралы шықты

1257

 Жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіпкерлік туралы оқу құралы шықты

Ақтауда жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналған "Кәсіпкерліктің негіздері" оқу құралы шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақ және орыс тілдерінде жазылған оқу құралы 80 беттен тұрады.

Маңғыстау облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Гүлжан Шаймерденованың айтуынша оқу құралында бизнес жүргізудің негізгі ерекшеліктері түсінікті және қарапайым түрде түсіндірілген.

"Бизнестегі ең басты нәрсе — қателеспеу және мифтерге сену емес. Кәсіпкерлікте әрқашан істің ыңғайын таба білу керек. Сондықтан барлық мәселелер мен ұстанымдарды жинауға тырыстым: бизнесті қалай ашуға болады, оның тиімділігін арттыру, табысты пайдалану, нарыққа өнімді сату, компаниялар және инвесторлармен келіссөздер жүргізу сияқты жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба аласыз. Яғни, ең алдымен қателіктермен жұмыс істеп, қалаған нәтижеңе қол жеткізу керек", — дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу