Жоғары табысқа уәде беріп, бес адамды алдаған әйел сотталды

297

Елорда тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы азаматтарға маркетплейсін жүргізу бойынша оқыту қызметін ұсынған.

Жоғары табысқа уәде беріп, бес адамды алдаған әйел сотталды Фото: canva

Оқыту барысында жәбірленушілердің сеніміне кіріп, салынған қаражатты пайдасымен қайтаруға уәде беріп, маркетплейсі арқылы тауарларды сатып алу және кейіннен сату үшін ақша салуды ұсынған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алынған ақшалай қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланған. Қылмыстық әрекеттер салдарынан бес жәбірленушіге жалпы сомасы 15,6 млн теңге материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен әйел алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бұрынғы соттылығы ескеріле отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы ескертеді: жоғары табысқа кепілдік беру, бизнесті "дамыту" немесе әлеуметтік желілер арқылы инвестициялау үшін ақша беруді ұсыну алаяқтық мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Ақша алушының жеке басын, оның қызметінің заңдылығын тексермей және міндеттемелерді тиісті түрде құжатпен ресімдемей, ірі көлемдегі ақшалай қаражатты аудармаңыз және бермеңіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу