Жогорку Кенеш депутаты: Әйелдердің инновациялар мен технологияларды дамытудағы рөлі өте жоғары

298

Қырғыз Республикасында әйелдердің қатысуымен көптеген цифрлық жобалар қолға алынған.  

Жогорку Кенеш депутаты: Әйелдердің инновациялар мен технологияларды дамытудағы рөлі өте жоғары Фото: baq.kz

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы отырысында Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш төрағасының орынбасары Джамиля Исаева айтты.

Ол сөз басында Қазақстанды Орталық Азия елдерінің әйелдері диалогына төрағалық етуімен құттықтады. Бұдан бөлек 2023 жылға жоспарланған іс-шаралардың барлығы жүзеге асатынына сенімділік білдірді.

"Әйелдердің инновациялар мен технологияларды дамытудағы рөлі өте жоғары. Бірақ әйелдердің ғылыми-техникалық және инженерлік салада жұмыс істеуі әлі де өзекті болып отыр. Кез келген салада әйелдердің үлесі болашақ үшін өте маңызды. Біздің елімізде әйелдердің қатысуымен өте көп цифрлық жобалар жасалады. Цифрлық экономиканы дамытудың негізгі стратегиялық мақсаттары Қырғыз Республикасының 2018-2040 жылға дейін жоспарланған стратегиясында қабылданған. Цифрлық трансформация аясында "Цифрлық Қырғызстан" атты бағдарлама жұмыс істейді. Қырғыз Республикасының қауіпсіздік кеңесі оны 2018 жылы 14 қазанда бекітті", - деді спикер.

Джамиля Исаева электронды үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ рейтингінде  Қырғызстан 193 елдің арасында 81-орында екенін тілге тиек етті.

"Бұл – елдің рейтингке қатысудағы алғашқы ең үздік көрсеткіші", - деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу