Индонезияның Ломбок аралында болған жойқын жер сілкінісінен кемінде 19 адам мерт болды, деп хабарлайды France-Presse агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Индонезияның Ломбок аралында тербелісі 6,6 балдық зілзала болды. Жер дүмпуінің ошағы Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырымда тіркелді. Ол 10 шақырым тереңдікте болған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу