"Жойылады" деген Назарбаев кеңсесі бюджеттен ақша сұрап отыр: Жамаубаев не дейді

616

Алайда "ашық бюджет" сайтында канцелярияның ақша сұрап отырғаны жөнінде ақпарат шықты. 

"Жойылады" деген Назарбаев кеңсесі бюджеттен ақша сұрап отыр: Жамаубаев не дейді Фото: baq.kz

Осыдан бір жарым ай бұрын Назарбаев канцеляриясының жойылатынын Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім еткен.

"Қазір аталған кеңсенің реструктуризациясы жүріп жатыр. Қызметкерлердің бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады, тағы бір бөлігі қысқарады. Канцелярия болмайды. Ол реструктуризация деңгейінде. Бір-бір жарым айдың ішінде мәселе шешіледі деген ойдамын", - деген еді осыдан бір жарым ай бұрын Жамаубаев.

Алайда "Ашық бюджет" сайтында канцелярияны ұстап тұру үшін алдағы 3 жылға 4 млрд теңге сұралғаны жөнінде ақпарат шықты. Демек Жамаубаевтың бір жарым ай бұрынғы сөзі жалған болып шықты ма? Бұл сұрақ бүгін үкімет кулуарында Жамаубаевтың өзіне қойылды.

"Ол жерде ғимарат бар. Ол жерде ресурстар бар. Қалай болғанда да ол адамдарды бір жерге жұмысқа орналастыру керек. Сондықтан ұстап тұру үшін қандай да бір қаражат керек. Дұрыс па? Мәселе – ол кісінің өзіне бағытталған ақша емес қой", - дейді Жамаубаев.

"Яғни алдағы 3 жылда 4 млрд теңге бөліне ме?" деген сұраққа Ерұлан Жамаубаев "азырақ бәлкім, үнемдеу болады" деп жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу