Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 1500-ден астам олқылық анықтады

1423

Үш айдың ішінде республикалық маңы бар жолдарда 582 нысан тексерілген.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы 1500-ден астам олқылық анықтады

Автомобиль жолдары комитеті "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" үш айда жүргізілген жұмыстардың қорытындыларын шығарды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Осы уақыт аралығында орталық мамандары ел өңірлеріндегі жолдарға 1398 сапар жасап, 1522 олқылықты анықтады. Олқылықтардың біраз бөлігі автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстау сапасының төмендігіне қатысты. Сонымен қатар, орталықтың көшпелі зертханалары республикалық маңызы бар жол учаскелеріне  1294 сапар жасады. Зертханалық жұмыстар жүргізілген жол учаскелерінің жалпы ұзындығы 27 мың шақырымнан асады", – деп жазылған хабарламада. 

Жалпы үш айдың ішінде республикалық маңы бар жолдарда 582 нысан тексерілген. Нәтижесінде олардың талаптарға сай емес екендігі анықталды. 

"Олқылықтардың саны – 1386. Осы ретте мердігер ұйымдарға 579 хат жолданды. Сондай-ақ, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында жергілікті автомобиль жолдарының 4500 шақырымы тексерілген болатын. Зертханалар мұндай жолдарға 104 сапар жасап, 136 олқылықты анықтады", – деп хабарлады министрлік. 

Еске сала кетсек, "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде 2019 жылы 16 "ОблЖолЗертхананы" РММ біріктіру арқылы құрылған болатын. Оны құрудағы мақсат – жолдарды салу, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу