Жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

1460

Елімізде 4 айда жол апатының саны 10%-ға, зардап шеккендердің саны 13%-ға артқан.

Жол апаты жиі болатын өңірлер аталды

Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облысында жол апаты жиі болады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанда 3,7 мың жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға көп. Салдарынан 5,4 мың адам зардап шеккен (бір жылда плюс 12,7%). Олардың арасында 5 мың адам түрлі дене жарақатын алған, 458 адам қаза тапқан.

2020 жылғы қаңтар-сәуірде елімізде 3,3 мың жол апаты тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда 21,4%-ға аз. 4,8 мың адам жол апатынан зардап шеккен. Бұл кезеңде Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты қатаң карантин шектеуі енгізілген еді. 

Барлық жол апатының төрттен бір бөлігі Алматы қаласында болған: 985 дерек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,8%-ға артық.

Сондай-ақ жол апаты Алматы (677 дерек) және Жамбыл облыстарында (344 дерек) жиі тіркелген.

2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 7 өңірде жол апатының саны артқан.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда жол апатының саны 55,8%-ға өскен (162 дерек). Салдарынан 178 адам зардап шеккен, олардың алтауы қайтыс болған (5 ер адам және 1 әйел).

1,3 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1%-ға артық.  Олардың 526-сы көлікті басқару құқығынан айырылған және мас болған. 80 адам ішімдік ішіп немесе есірткі қолданып, көлік жүргізген.

Мамандар заңды көбінесе мас күйдегі жұмыссыздар бұзатынын анықтаған. Олардың ішінде 59 адам жол ережесін бұзған, 375 адам көлік басқару құқығынан айырылса да көлік тізгіндеген.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу