Жол апатында бір отбасының мүшелері қаза тапты

569

Кәмелетке толмаған үш бала да көз жұмды. 

Жол апатында бір отбасының мүшелері қаза тапты

Қарағанды облысында – ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Бір бала ауруханада жатыр, деп жазады inbusiness.kz ІІМ ақпарат порталына сілтеме жасап.

26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында "Балқаш-Приозерск" автожолында Гүлшат кентінен 23 шақырым жерде Приозерск қаласы бағытына қарай келе жатқан "Опель Вектра" автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші басқарған "Хово" автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында "Опель Вектро" автомашинасының жүргізушісі, оның 35 жастағы жолаушысы (жұбайы), олардың кәмелетке толмаған үш балалары оқиға орнында қайтыс болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Тағайындалған қажетті сараптамалар қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу