Жол апатының ауыр түрлері қала маңындағы жолдарда тіркеледі

214

Қазақстанда жол апатының 84%-ы елді мекендерде болады. 

Жол апатының ауыр түрлері қала маңындағы жолдарда тіркеледі Фото: Pixabay.com

Мұндай деректі ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жол апатының 84%-ы елді мекендерде болады. Жалпы қаза болғандардың төрттен бір бөлігі жаяу жүргіншілерді қағып кетумен байланысты. Олар негізінен қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жарықтандырудың және тротуарлардың болмауынан қаза болуда", - деді Қайсар Сұлтанбаев.

Спикердің сөзінше, талдау нәтижесі елімізде бағдаршаммен реттелетін 600-ге жуық өткел қажет екенін көрсетті.

"Бұдан басқа 100 мың метрден астам жаяу жүргіншілер қоршаулары, 15 мың шақырым жарықтандыру, 60 мың шақырымға жуық тротуармен жабдықтау қажет. Келесі мәселе – қала маңындағы жолдар. Барлық транзиттік ағын осы жолдар арқылы өтеді. Олардың үлесіне жол апатының ауыр түрлері және адам шығынының 50%-ы тиесілі", - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу