Салдарынан бала-шаға аула асып, ойнауды қойған. Сорақысы суы сыртқа аға ма деп көпшілік алаңдайды.
Аса ауылындағы "Алаш" көшесінің 75 үй тұрғындарының арызы бір. 3 жыл бұрын жол жағасынан арық қазылған. Мұны әкімдік төмендегі қос ауылға су жеткіз үшін қажет деп түсіндіреді. Сөйтіп жыл өтпей арық бітеледі деп уәде берген. Бірақ су жолы бітелмек түгілі, аясы кең арнаға айналды.
Қазір арықтың ені - 3, тереңдігі 1,5 метр болған. 4 күн бұрын түбі тағы тазаланыпты. Ондағы сарқырап аққан судан тұрғындар шошып қалғандай. Себебі, былтыр арықтағы су ернеуінен асып, үй ауласын басқан.
Тұрғындар бұл мәселеде шикіліп көп деп отыр. Арықтың арғы бетіндегі 27 гектар жер телімі жергілікті атқамінерлерге тиесілі көрінеді.
Шу шыққан аумаққа ауыл әкімі кідірместен келді. Арық амалдың жоғынан қазылыпты. Себеп - ескі канал жөнделіп жатыр екен. Сондықтан 4 мың гектар суармалы алқапқа тіршілік нәрі керек-ақ.
Нақтысы төмендегі 100 шаруа қожалыққа арықпен биыл су берілуі тиіс. Ескі арнаның құжатына түзету еніп, жөндеу жұмыстары кешігіпті. Бұған бас-аяғы 1,2 мрлд теңге қаралған.
"Қуат каналы толығымен іске қосылған жағдайда, именно осы арықты бітеп беруге мүмкіншілік бар. Қыстай жұмыстарды жүргізуге ауа райының да қолайсыздығы болды", дейді Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жиенқұлов.
Қазір "Қуат" каналының жағасы бетондалып жатыр. Жыл соңына дейін 12 шақырымды арна толық аяқталмақ.