Бұл туралы жоғалған қызды іздестіру жөніндегі жедел штабтың сағат 13:00-дегі хабарында жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz порталына сілтеме бріп.
"Осы уақытқа дейін ауадан 12-ден астам өріс және жаяу тәртіпте сегіз өріс зерттелді. Жол бойында полиция қызметкерлері су мен тамақ өнімдерін қалдырады. Қыз бала әлі анықталған жоқ", – деп жазылған жедел ақпаратта.
Іздеу аймағы төрт бағытта кеңейтіледі. Бірінші – Жамбыл ауылы – Тобыл өзені. Екінші – Алтын дала ауылы. Үшінші – Қостанай қаласы. Төртінші – Самир ауылы.
Кеше жүгері алқабында бала тістерінің ізі бар жүгері қобдишасы табылды. Ол сараптамаға жіберілді.