Жол бойындағы әжетханалар мәселесі қалай шешіліп жатқаны белгілі болды

151

Мемлекеттік орган тапшылық мәселесі шешіліп жатқанын айтады. 

Жол бойындағы әжетханалар мәселесі қалай шешіліп жатқаны белгілі болды Фото: Андрей Халин

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев жол бойындағы қоғамдық әжетхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, жыл сайын елдің имиджін бұзатын жүздеген әжетхана жойылады.

"Көлік министрлігінің желісі бойынша шамамен 50-100 жаңа әжетхана салынады. Бұл жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына қатысты. Биыл жыл соңына дейін санитарлық тораптарды қамтитын тағы 25 нысанды салуды жоспарлап отырмыз. Біз жұмыс істеп тұрған нысандардың жағдайына қатысты бақылау жүргізіп отырамыз, алайда туризм министрлігі елдегі барлық әжетхананы қадағалай алмайды",- деді вице-министр.

Оның сөзінше, 2021 жылы туристік бағыттардағы әжетхана тапшылығы 493 бірлік болған. Олардың дені, яғни 300-ге жуығы салынған.

"Бұдан бөлек әкімдіктер осы бағдарламадан тыс жол бойындағы сервис нысандарын да салып жатыр. Жүздеген нысан қазірдің өзінде салынған, оның ішінде инженерлік байланыстан алыс ұлттық саябақтардың аумағында да бар. Олар жаңа технология бойынша жұмыс істеп тұр. Алматыдағы ұлттық паркте әжетханалар француз технологиясы бойынша жұмыс істеп жатыр", - деп атап өтті спикер.

Республикалық маңызы бар жолдар бойындағы сервистің 1,4 мыңға жуығы қалпына келтірілді. Олардың 90%-ы ұлттық стандартқа сай келеді, деді вице-министр.

Ержан Еркінбаев әрбір санитарлық торап үшін жеке кәсіпкерлерге айына 83 мың теңге өтемақы берілетінін айтты.

"Мәселе шешіліп жатыр. Еліміздің аумағы үлкен, бір жылда жол бойындағы сервис пен санитарлық-гигиеналық тораптардың мәселелерін шешу мүмкін емес. Бірақ біз дұрыс бағыттамыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу