Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары қай өңірде талапқа сай?

866

2020 жылы жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 1070-і немесе 58%-ы ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді. Биыл бұл көрсеткішті 66%-ға дейін ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Жол бойындағы қызмет көрсету нысандары қай өңірде талапқа сай?

"Былтыр жеке инвестициялар есебінен 58 жаңа қызмет көрсету нысаны салынды. Екі объект "B" категориясына сай келеді. Оған жанармай құю бекеттері, мейманханалар, техникалық қызмет көрсету станциялары, автокөлік жуу орындары, медициналық және тамақтану, бөлшек сауда пункттері мен санитарлық тораптар кіреді. Жол бойындағы сервистің 21 нысаны "С" категориясына жатқызылады. Мұнда күзетілетін тұрақтар, тамақтану нүктелері, санитарлық тораптар орналасқан. Ал 35 нысан  "D" категориясына сай жарақталған. Оған жанармай құю бекеттері, санитарлық тораптар мен бөлшек сауда пункттері кіреді. Бұдан бөлек, 2020 жылы санитарлық-гигиеналық тораптардың 13 бірлігі тұрғызылды. Оның 10-ы автомобиль жолдарын реконструкциялау аясында орнатылса, үшеуі жеке инвестициялардың есебінен қойылды",– дейді министрліктен.

Айта кетсек, өткен жылдың қорытындысы Атырау облысындағы жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының жақсы екенін көрсеткен. Ондағы объектілердің 81%-ы ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. Бұдан соң 71%-бен Қостанай облысы тұр. Ал үздік үштікті 69%-бен Ақмола облысы түйіндейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу