Жол бойындағы тамақтану орындары жаппай тексерілуде

1246

Еліміз бойынша жол бойында жұмыс істейтін 865 тамақтану орны бар. 

Жол бойындағы тамақтану орындары жаппай тексерілуде

Жол бойындағы тамақтану орындары жаппай тексеріліп, талапқа сай келмейтіндеріне ірі көлемде айыппұл салынады. Бұл Atameken Business сауалына жауап берген "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы сарапшысының айтқаны.

Жалпы еліміз бойынша жол бойында жұмыс істейтін 865 тамақтану орны бар. Оның 388-і талапқа сай келмейді, яғни әжетхана сияқты басты қажеттілік жоқ. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлерге бірінші ескерту жасалып, олқылықтың орны толтырылмаса, айыппұл салынады.  Атап айтқанда, шағын бизнеске тұтынушыға зиян келмеген жағдайда – 30 АЕК, орта бизнеске – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлерге 1600 АЕК салынады. Егер адамдар уланып, зардап шеккен болса, айыппұл мөлшері ұлғайтылады. Мәселен, шағын бизнеске – 460 АЕК, орта кәсіпккерлікке – 620 және ірі бизнеске 200 АЕК көлемінде жаза қарастырылған. Бұл әзірге тек кафе сияқты тамақтану орындарыға қарастырылған шара. Келер жылдан бастап барлық қызмет көрсету орындарына, оның ішінде автокөліктерге қызмет көрсету орталықтарына да айыппұл салу жоспарланған.

Жаңа бастамалар жол бойындағы қызметті жақсарта ала ма? Бұл сұраққа "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мамандары жауап берді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу