Жол бойындағы санитарлық тораптар табыс көзіне айналды

899

Дәретханаларға айына 30 АЕК субсидия бөлінеді.  

Жол бойындағы санитарлық тораптар табыс көзіне айналды

Бұл туралы "QazAvtoJol" ҰК" АҚ стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің директоры Рустам Исаев онлайн брифинг барысында мәлім етті.

"2019 жылы пилоттық жоба ретінде республикалық маңызы бар жолдар бойында 12 дәретхана салынды. Биыл 3 жеке кәсіпкер жол бойындағы алаңдардың шетінде қызмет көрсету орталықтары мен санитарлық тораптар салды. Мәселен, оның екеуі Алматы – Қорғас жолының бойында орналасқан. Ал Шелек ауылының төңірегіндегі торап қазірдің өзінде бизнес көзіне айналды. Бұл нысанның иесі бір демалыс күнінде тек санитарлық тораптан 60 мың теңге табыс тауып отыр. Яғни оның кірісі сусын сатқаннан да жоғары болды", – деді спикер.

Рустам Исаевтың сөзінше, жол бойындағы қызмет көрсету нысандары үкімет тарапынан субсидияланады.

"Мәселен, белгіленген талаптарға сай жылытылатын санитарлық топтарға үкімет тарапынан айына 30 АЕК субсидия бөлінеді. Ал жаңа нысан иелеріне салынған инвестиция сомасының 10%-ы қайтарылады", – деді департамент директоры.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу