Жол ережесі бұзылғаны туралы полицей мобильді қосымша арқылы ақпарат алады

549

Ішкі істер министрлігі  полицейге жол жүрісі қағидасын бұзушыны анықтауға мүмкіндік беретін "Қорғау" қосымшасы іске қосылғанын хабарлады, деп жазады inbusinss.kz. 

Жол ережесі бұзылғаны туралы полицей мобильді қосымша арқылы ақпарат алады Фото: tengrinews.kz

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді.

Қазір мұндай жоба еліміздің 7 қаласында - Астана, Алматы Шымкент, Өскемен, Атырау, Петропавл және Түркістанда жүзеге асырылуда. Қосымшаның көмегімен жол қозғалысы ережесін бұзған адамдардың 12 мыңға жуық автокөлігі айып тұрағына қойылған.

Сонымен қатар, 740жалған мемлекеттік нөмір пайдалану  фактісі анықталды. Басқару құқығы жоқ немесе бұрын құқығынан айырылған 2 370 жүргізуші ұсталды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу