Жол ережесін бұзатын тағы бір әрекет үшін айыппұл енгізілді

264

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер 13 наурыздан бастап заңды күшіне енеді.

Жол ережесін бұзатын тағы бір әрекет үшін айыппұл енгізілді Фото: www.gov.kz

Енді автокөліктің қозғалысы кезінде кабинадан денесін шығарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жол ережесін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты жаңадан енгізілген шаралар туралы айтып берді.

"Енді автокөліктің қозғалысы кезінде оның кабинасынан денесін шығарғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Бұрын мұндай норма болмаған. Бітіру кештері мен үйлену тойларында көптеген адам өздерінің қауіпсіздігіне мән бермей, осындай әрекеттерді жасайды. Енгізілген норма жолаушыларды тасымалдау кезінде өмір мен денсаулықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі", – дейді Сұлтанбаев.

Кабинадан шыққаны үшін жолаушы мен жүргізуші бірдей жауапқа тартылады.

"Сонымен қатар, заңнамадағы олқылықтарды жою мақсатында автокөлікті басқару құқығынан айыру талаптары қолданылмайтын тұлғаларға да қарсы жолаққа шыққаны үшін жауапкершілік енгізілді. Енді мұндай құқық бұзушыларға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады", – деді комитет басшысы.

Ал теміржолдардағы жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін теміржол өткелдеріндегі жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20-ға дейін өсті. Сондай-ақ, теміржол белдеуінде мал жайғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Бұдан былай ескерту жасалмайды. Бірден айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу