Жол ережесін бұзған жүргізушінің құжаты тексерілмейді

315

Елімізде енді жол ережесін бұзған жүргізушілер автоматты түрде анықталады.  

Жол ережесін бұзған жүргізушінің құжаты тексерілмейді Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазір Қазақстан жолдарында жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін 22 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Полиция жол ережесін бұзған жүргізушілерді автоматты түрде анықтайды.

"Біз "Қорғау" бағдарламасын қолданамыз. Ол жалған нөмірлері бар, сақтандырусыз, іздеуде жүрген немесе жол қозғалысы ережесін бұзатын және айыппұл төлемейтін көліктерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұрын барлық көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру қажет болатын. Ал қазір жүйе көшедегі бейнебақылау камеларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне "қауіпті" жүргізушінің жақын жерде жүргені туралы хабарлама жібереді. Нәтижесінде полиция әрекет етеді", - деді Ақтоты Боранова ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Осы уақытқа дейін бағдарламаның көмегімен жалған нөмірлерді пайдаланудың 1,5 мыңға жуық фактісі, жүргізуші куәлігінен айырылған 6 мың жүргізуші анықталып, 8,5 мың мемлекеттік нөмір тәркіленді. Айыппұл тұрағына 29 мың автокөлік қойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу