Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл төмендетілмек

805

Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл төмендетілмек

Елімізде жол ережесін жеңіл-желпі бұзғандарға салынатын айыппұл төмендетіледі. Бұл жайында ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

"Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында әділет министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік заңнаманы одан әрі ізгілендіру шаралар әзірленіп жатыр. Бүгінгі күні ведомствоаралық жұмыс тобы жол қозғалысы саласындағы жеңіл-желпі әкімшілік құқық бұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұлды төмендету ұсынысын әзірледі. Айта кетейік, жол апатының негізгі себептері саналатын жол жүру ережелерін өрескел бұзғандарға қатысты айыппұлды төмендету жоспарланып отырған жоқ".

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу