Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушіге салынған айыппұл көлемі 6 миллион теңгеден асты

963

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. 

Жол ережесін жиі бұзатын жүргізушіге салынған айыппұл көлемі 6 миллион теңгеден асты

Астанада 30 жүргізушіге салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 106 858 960 теңгені құрады, деп хабарлайды Елорда Инфо "Астана Innovations" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ең көп айыппұл Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмір тағып жүрген жүргізушіге салынған – 6 225 405 теңге. 

"​Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап полиция департаменті "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық "Рубеж" бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қалалық полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда.

Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу