Жол картасы: Алматы қаласының білім беру жүйесінде не өзгерді?

730

Наурыз айында Алматы құрылыс-техникалық колледж студенттерінің жаңа жатақханасы ашылды.

Жол картасы: Алматы қаласының білім беру жүйесінде не өзгерді?

ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамыту бойынша Жол карталарын әзірлеуді жалғастырып жатыр. Министрлік пен әкімдіктердің бірлескен құжаты өңірлердегі білім саласындағы мәселелерді нақты шешіп, кешенді дамытуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматының жол картасын жүзеге асыру нәтижелері:

  • 2 мемлекеттік, 1 жекеменшік мектеп ашылып, қалада оқушы орындарының саны 2800-ге артты;
  • 29 мектептің 7700 оқушысы үшін 100 жаңа автобус сатып алынады. Оған 5,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 30 мектеп автобусы жеткізілді, екінші бөлігі осы жылдың шілде айында беріледі;
  • Наурыз айында Алматы құрылыс-техникалық колледж студенттерінің жаңа жатақханасы ашылды;

Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар 30 мың бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады;
Тәлімгерлік институты жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда Алматының 140 кәсіпорнында 2400-ден астам студент өндірістік тәжірибеден өтуде.

Алматының білім беру жүйесін дамыту бойынша Жол картасына 90-нан астам іс-шара енгізілген. Олар балалардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу