Жол-көлік апаты жиілеген

1605

2019 жылы республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда 2547 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Жол-көлік апаты жиілеген

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, өткен жылы республикалық және халықаралық жолдарда 2547 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде 1019 адам мерт болып, 4311 адам жарақат алған.

Осы көңіл көншітпейтін статистиканы төмендету мақсатында ИИДМ мен ІІМ бірлесіп, 2020-2022 жылдарға арналған жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін жоғарылатуға бағытталған Жол картасын әзірледі. Құжат нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруге, жол қозғалысын ұйымдастыруға, ЖКО алдын алуға және көлік қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға, ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған 49 шараны қамтиды.

Бұдан бөлек, автомобиль жолдары саласының нормативті-техникалық базасын жақсартуға бағытталған шаралар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ бүгінгі таңда Қазақстанда "Қателер жасауға мүмкіндік беретін жол" деп аталатын шведтік жүйе енгізілуде. Бұдан бөлек министрлік жүзден астам нормативті-техникалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көздеп отыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу