Жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды сақтандыру компанияларына онлайн-беру іске қосылды

509

Бұл туралы inbusiness.kz ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды сақтандыру компанияларына онлайн-беру іске қосылды Фото: polisia.kz

ІІМ Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен және “Мемлекеттік кредиттік бюро” АҚ-мен бірлесіп, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін сақтандыру компанияларына жол-көлік оқиғалары туралы материалдарды онлайн-беруді іске қосты.

Жыл сайын мыңдаған азамат жол апаты туралы материалдардың көшірмелерін алу үшін алдымен полицияға жүгініп, содан кейін сақтандыру компанияларына құжаттар тапсырып, осылайша көп уақыт жұмсайды. Қазір бұл процесс полиция, прокуратура және сақтандыру компанияларының дерекқорларын біріктірудің арқасында автоматтандырылған.

Жол-көлік оқиғасы кезінде полиция қызметкері толтырғаннан кейін хаттама тексеруден өту үшін базаға түседі. Содан кейін ол автоматты түрде сотқа және сақтандыру компаниясына жіберіледі. 

Азамат сақтандыру компаниясына келген шығынды бағалау үшін ғана жүгінуі қажет және сотқа шақыртумен SMS күтуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу