Жол-көлік оқиғасынан қайтыс болу көрсеткіші 18%-ға өсті

1099

Кәмелетке толмағандардың кінәсінен соңғы 7 айда 60-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам қайтыс болды. 70 жасөспірім түрлі жарақат алды.  

Жол-көлік оқиғасынан қайтыс болу көрсеткіші 18%-ға өсті

Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның сөзінше, есептік кезеңде ел аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 1 621 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 90 жасөспірім қайтыс болып, 1 860 баланың денсаулығына зақым келді. 

"Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар. Көп жағдайда ересектер балаларды арнайы ұстау құралынсыз немесе белдікпен бекітпей тасымалдаған", – деді комитеті төрағасының орынбасары.

Жария болғандай, соңғы 7 айда елімізде 7 180 жол-көлік оқиғасы орын алған. 
1 017 адам қайтыс болып, 9 533 адам жарақат алған.

"Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасының саны – 15%-ға, қайтыс болғандардың саны – 18% және жарақат алғандардың саны – 16% өсті", – деді Жандос Мұратәлиев. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу