Жол қозғалысы ережелерін білмейтін полицейлер қызметінен босатылды

573

Жол қозғалысы ережелерін білмейтін полицейлер қызметінен босатылды

Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін білмейтін полицейлер қызметінен босатылды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің мотоцикл жүргізушісіне медициналық қобдишаның болуы керек не керек еместігін түсіндіре алмағаны жазылған видео таралды. Сондай-ақ, олар жүргізушіден өрт сөндіргіші мен авариялық тоқтау белгісі болуын талап еткен.

"Полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша Түркістан облысы патрульдік полициясының қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттері мен жол қозғалысы ережелерін білмегендігі үшін атқарып жүрген қызметінен шеттеттілді", – делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес медициналық дәрі қобдишасы мен авариялық тоқтау белгісі (жыпылықтайтын қызыл фонарьмен) тек бүйір тіркемесі бар мотоциклдерде ғана міндетті түрде болуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу