Жол қозғалысы ережелеріне қойылатын талаптар күшейтілді

244

Елді мекендегі автобустардың жылдамдығы сағатына 50 км-ге дейін төмендеді.

Жол қозғалысы ережелеріне қойылатын талаптар күшейтілді Фото: depositphotos.com

Электрлі самокаттар мен мопедтер саны жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда айтарлықтай өсті. Иелерінің жол ережелерін сақтамауы, көбіне олардың білмеуі апаттарға, оның ішінде адам шығынымен болатын апаттарға әкеледі. Осыған байланысты заң жобасы қабылданып, электрлі самокат ұғымы, жүріп-тұру қағидалары, сондай-ақ олардың жүргізушілерінің құқықтары мен міндеттері бекітілген. Бұл шаралар олардың жүрісін реттеуге мүмкіндік берді, ал полицияда жол жүрісіне қатысушылардың аталған санатына ықпал етудің нақты тетіктері пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ал мопедтер, мокиктер және скутерлердің есебі қазір жүргізілмейді, бұзушылықтар үшін жауапкершілік мардымсыз, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, бұл - 11 мың теңге. Оларды міндетті мемлекеттік тіркеуге алу және А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуды енгізу ұсынылады, ол 16 жастан бастап беріледі", - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ тұтас бір сызықты қиып өту қарсы жолаққа шығуға теңестірілді, елді мекендегі автобустардың жылдамдығы сағатына 50 км-ге дейін төмендеді.

Ел аумағында үш кезеңге бөлінген "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы, сондай-ақ 20-31 мамыр аралығында "Абайлаңыз-балалар!" республикалық акциясы өткізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу