Петропавл қаласында әйелдер взводы құрылды. Енді жол қозғалысын ер азаматтармен қатар қыз-келіншектер де реттейді, деп хабарлайды 24.kz.
Көше қиылыстарына бірінші рет әйел адамнан құралған 10 тәртіп сақшысы шығып жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол көрсетті. Бұл Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған шара. Бұрымды тәртіп сақшылары жол реттеу ережесін 1 ай бойы үйреніп, өздеріне жүктелген міндетті мінсіз орындады.
"Бұндай шара бірінші рет біздің облыста өткізіліп жатыр. Әйел адам қиылыста жол қозғалысын көрсетуде. Сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қызық көрініп жатыр. Бізге қолдарын былғап, күліп өтеді" - дейді, қалалық ІІБ ЖППБ аға инспекторы Баян Байғаскина.
"Ер адам мен әйел адамдар қызмет жасап жүр. Қазіргі таңда бізде ашылған әйелдер взводы деп айтуға болады. Сол взвоз әйелдеріне қойылған міндет мақсаттар толық орындалған. Өз міндеттерін жақсы атқарады" - деді облыстық ІІД ЖППБ командирінің орынбасары Жанат Сұлтанов.