Жол құрылысы: Биыл барлық күш 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталды

Республикалық жолдардың 3 мың 600 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 

Жол құрылысы: Биыл барлық күш 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты. 

"Жол инфрақұрылымын дамыту – ел экономикасының өсуінің алғы шарттарының бірі. Биыл, Қазақстан бойынша барлығы 10 мың 700 шақырым жол құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қамтылған, оның ішінде:

- 6 мың 500 шақырым республикалық және 4 мың 200 шақырым жергілікті маңыздағы жолдар. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 92 пайызға, жергілікті желіде 87 пайызға дейін жететін болады", – деді министр. 

Қазіргі таңда, республикалық жолдардың 3 мың 600 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
Оның 856 шақырымы толық аяқталды.

2 мың 900 шақырым жол күрделі және орташа жөндеумен  қамтылып, (күрделі жөндеу – 700 шқ, орташа – 2 200 шқ) 1 мың 100 шақырымы пайдалануға берілді (күрделі – 200 шқ, орташа – 900 шқ).

"2023 жылы 16 ірі жоба іске асырылуда, оның үшеуінде жұмыстар толығымен аяқталды, атап айтқанда Үлкен Алматы айналма жолы, Қандыағаш-Мақат және Үшарал-Достық жолдары. Биыл, халықтың шағымдарын ескере отырып, барлық күш 4-5 жыл бұрын басталып, құрылысы ұзаққа созылған 6 негізгі жобаны жүзеге асыруға бағытталды. Бұл – Талдықорған-Өскемен, Қарағанды-Алматы, Мерке-Бурылбайтал, Ақтөбе-Қандыағаш және Атырау-Астрахань жолдары болып табылады", – деді ведомство басшысы. 

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысындағы күрделі жөндеу жұмыстарына ерекше назар аударылуда. Өңірде жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын Казталов-Жәнібек және Өнеге-Бисен-Сайқын жолдары жөнделуде, оның 220 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген, жобаларды толық аяқтау 
2024 жылға жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу