Жол құрылысы мамандарын даярлау заңмен бекітілмек

631

"Қазжол" ғылыми-зерттеу институтының мамандары автожол құрылысын жоғары оқу орындарында оқыту мәселесімен айналысып жатыр, деп жазады inbusiness.kz  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. 

Жол құрылысы мамандарын даярлау заңмен бекітілмек Фото: Егемен Қазақстан

Қазіргі таңда "ҚазжолҒЗИ" сарапшылары бұл сала бойынша әзірленіп жатқан жаңа заң жобасына өз ұсыныстарын енгізген. Оған сәйкес автожол мамандары өз біліктіліктерін арттыруға міндетті болады.

"Біз жол саласы мамандарының біліктілігін арттыру міндетін заңнамалық деңгейде бекітуді қалаймыз. Дайындалып жатқан заң жобасына тиісті ұсыныстар енгізілді. Дамыған елдерде компания қызметкерлерінің біліктілігі олардың беделіне, рейтингіне және басқа да факторларға әсер етеді. Қазақстанға да осындай жүйе қажет", - дейді "ҚазжолҒЗИ" АҚ президенті Арман Әлібаева.

Ақпаратқа сәйкес, ғылыми институт еліміздің жоғары оқу орындарымен бірқатар меморандумға қол қойды. "ҚазжолҒЗИ" арқылы қазақстандық студенттер нақты зертханалар мен учаскелерде тәжірибе жинай алады. Сонымен қатар мамандар автожол құрылысының әрбір бағыты үшін оқу бағдарламасын дайындауда.

Жол саласына қатысты мәселелер "Kaztraffic-2022" 18-ші халықаралық көрмесі аясында өтіп жатқан "Жол құрылысындағы жаңа технологиялар" конференциясы барысында талқыланды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу