Жол құрылысы саласында өзектілігін жойған нормативтік құжаттарды жою бағытында жұмыс жүргізілмек

809

Елімізде жол құрылысы саласын 1200-ге жуық нормативтік құжат реттейді. Олардың басым бөлігі қайталанып, бір-біріне қарама-қайшы келетін көрінеді.

Жол құрылысы саласында өзектілігін жойған нормативтік құжаттарды жою бағытында жұмыс жүргізілмек Фото: google

Келер жылдан бастап "ҚазжолҒЗИ" АҚ нормативтік-техникалық құжаттардағы сәйкессіздіктерді, қайталануларды анықтау, сондай-ақ талап етілмеген және өзектілігін жойған нормативтік құжаттарды жою бағытында жұмыс жүргізбек. Оның нәтижесі бойынша 100-ден аспайтын нормативтік құжаттан тұратын жаңа құрылым әзірленуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ғылыми-зерттеу институты нормативтік-техникалық құжаттаманы жетілдіру бойынша жұмысқа кірісті. Бүгінде "жобалау", "құрылыс", "пайдалану" және "жол саласының экономикасы" бағыттары бойынша 4 сараптамалық топ құрылды. Ғалымдар нормативтерді өзектендіру мен қысқартуға баса назар аударып, әр тармақ бойынша мүдделі тараптармен талқылау үшін ұсынымдар жасалатын болады.

"Қазақстанда бірыңғай нормативтік база пайда болуы тиіс, ол веб-сайттардың құрылымына ұқсас болады. База ақпараттық жүйе ретінде қалыптастырылады. Сұраққа жауап іздеу үшін маманға енді барлық салалық стандартқа жүгінудің қажеті жоқ. Ол үшін базадағы қажетті бөлімді таңдау жеткілікті. Сонымен қатар қағаз нұсқасын жасау да жоспарда бар", – деп атап өтті "ҚазжолҒЗИ" АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Бұдан бөлек барлық нормативтік базадан "ұсыныс" терминін алып тастау жоспарланған көрінеді.

"Жол саласында оны қолданбаған дұрыс. Жолшылардың жұмыс сапасын жақсарту және жеңілдету үшін ұсыныстардың орнына нақты нұсқаулықтар болуы керек", - деп атап өтті институт мамандары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу