Депутат Альберт Раудың пікірінше, мұндай жағдайлар жолдарды салу және жөндеу жұмыстарының жылдамдығы мен сапасын айтарлықтай төмендетеді.
"Ақша жүрген жерде тәуекелдер де жоғары. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, төмен көрсеткіштердің себептерінің бірі жолдарды салу мен жөндеудің барлық кезеңдеріндегі сыбайлас жемқорлық", – деді Альберт Рау Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында.
Ол 2021 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 18 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілсе, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана 15 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелгенін атап өтті.
"Яғни бұл салада құқық бұзушылықтардың көбеюі байқалады. Мұндайда финдердің "ұрлық сапаға ықпал етеді" деген сөздері өзекті", – деді депутат.