Алдағы мереке күні республикалық автожолдар желісінде көлік қозғалысы қарқындылығы артады деп болжанып отыр.
“Ұлттық компания республикалық маңызы бар күре жолдар желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажет шараны қабылдауда. Жолшы мамандар жолдарды қадағалауды күшейтіп, қиын жағдайға тап болғандарға жан-жақты көмек көрсетпек. Жол қызметтері күшейтілген режимге көшті”, - делінген хабарламада.
ҚазАвтоЖол қысқы күтіп-ұстау жұмыстарының басталғанын еске салды.
“Синоптиктердің ақпаратына сәйкес еліміздің басым бөлігінде күн райы әлі де құбылмалы болады. Ұзақ сапарға шықпас бұрын ауа-райы мен жолдардағы ахуалды нақтылау қажет. Бұл ақпаратты 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып, білуге болады”, - деп хабарлады ұлттық оператор.