Жол ортасында ваннаға түскен талғарлық блогер қамауға алынды

1030

Сот үкім шығарды.

Жол ортасында ваннаға түскен талғарлық блогер қамауға алынды Фото: видео скриншот

Алматы облысы Талғар ауданында жол ортасына көбік толы ваннаға шомылып, пранк жасаған блогерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Талғар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекеттер) бойынша азамат Ә. қатысты әкімшілік іс қаралды.

"2024 жылдың 2 ақпанда сағат 20:00 шамасында азамат Ә. Талғар қаласы, Қонаев көшесінде аудандық әкімшілік ғимаратының алдында, жаяу жүргінші жолағының ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан. 

Азамат Ә. өзінің іс-әрекетімен жол жүргіншілерге кедергі келтіріп, қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған", - делінген хабарламада.

Құқық бұзушы Ә. кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасымен және оның түсініктемесімен толық дәлелденген.

"3 ақпандағы сот қаулысымен құқықбұзушы Ә. ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды", - делінген сот хабарламасында. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу