Бұл туралы inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жолшылардың бірыңғай біліктілік базасы – салалық еңбек биржасы немесе мамандардың цифрлық қоры. Біліктілік базасы арқылы мердігер ұйымдар онлайн режимде жолдарды жобалау, олардың құрылысы және қайта құру үшін қажет мамандарды таба алады. Жол құрылысшылары өздерінің кәсіби құзыреттерін дамытуға ынталы болады. Өйткені, аталған базада олардың дағдылары мен оқыту курстарынан өткендігін растайтын сертификаттар қолжетімді болмақ.
"Біліктілік базасында автожол мамандарының санаты, өтілі, дағдылары мен сертификаттары туралы мәліметтер сақталады. Біздің болжамымыз бойынша, бұл базаның көмегімен білікті кадрлардың жетіспеушілігі сияқты проблеманы шеше аламыз", дейді "ҚазжолҒЗИ" АҚ Оқу орталығының директоры Гүлжамал Омарова.
Институт сайтында жол құрылысы мамандығын игерген ЖОО түлектері сынды болашақ мамандар мен қазіргі инженерлер, шеберлер, жобалаушылар туралы әрі басқа да мәліметтер жинала бастады.
"Институттың сайтында деректерді жинау туралы хабарландырумен бірге, біз жол саласында оқитын студенттер, еңбек ететін қызметкерлер мен компаниялар сауалнамаға қатысып, деректерді толтыруға мүмкіндік алатын сілтеме жарияладық. Жалпы, цифрлық база еңбек нарығын талдауға мүмкіндік береді", - деді "ҚазжолҒЗИ" АҚ Цифрландыру басқармасының басшысы Құрманғазы Тілеу.