Жол саласындағы нормативтік құжаттар саны айтарлықтай кемитін болады

955

ҚР ИИДМ құжаттарды жеңілдету жөнінде бастама көтерген.

Жол саласындағы нормативтік құжаттар саны айтарлықтай кемитін болады

Жол саласындағы құрылыс нормалары, стандарттары мен нормативтік-техникалық құжаттамалар санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан реформа шеңберінде олардың саны 1 200-ден 50-70-ке дейін кемитін болады, деп хабарлайды inbusiness.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін ҚР ИИДМ министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына нормативтік базаны қалыптастыру барысында өзгеше тәсіл қолдануды тапсырды. Ұлттық стандартты әзірлеу алдында жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізілуге тиіс. Сонымен қатар зертханалық жұмыстардың нәтижесі, тәжірибелік аумақтар мен пилоттық жобаларға ұзақ уақыт бойғы мониторингінің қорытындысы да назарға алынуы қажет. Осы тарапта жүргізілген реформаның нәтижесінде жетілдірілген жаңа құрылымдық нормативтік құжат құрылуы тиіс", – деп жазылған хабарламада.

Ал ондағы құжаттар саны 50-70-тен аспайтын болады. Жаңа пакетте стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттардың басымдығына айқын шектеулердің енгізілуіне басымдық берілмек. Сондай-ақ жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты құжаттардың оперативтік маңыздылығына да назар аударылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу