Жол салуға бөлінген ақшаны жымқырғандар ұсталды

1156

Олар "Бейнеу-Ақжігіт" жолын салуда жалған актілер толтырып, бюжеттің 552 млн теңгесін қалтаға басты деген күдікке ілінген.

Жол салуға бөлінген ақшаны жымқырғандар ұсталды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" Маңғыстау облыстық филиалының басшысы "Альянс-ИКО" ЖШС директорының орынбасары және бас инженерімен ауыз жаласып, бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің дерегі бойынша, олар Өзбекстанмен шекаралас аумақта салынған республикалық маңыздағы "Бейнеу-Ақжігіт" жолын салуда жалған актілер толтырып, бюжеттің 552 млн теңгесін жымқырды деген күдікке ілінген.

Бұл жолға бюджеттен ақша "Нұрлы-Жол" бағдарламасы бойынша бөлінген. Тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу