Индонезия мемлекетінің Сурабай қаласының тәртіп сақшылары қасиетті Рамазан айы қарсаңында ерекше акция өткізді, деп хабарлайды muslim.kz.
Қала тұрғындары бұл күні жол тегістегіш машинамен 100 000-ға жуық ішімдік бөтелкелерін жанышталғанына куә болды. Жергілікті полиция қызметкері Лили Джафардың айтуынша, алкогольді ішімдіктер Рамазан айына дейін Сурабай қаласының барлық түкпірінен тәркіленіп алынған. Сондай-ақ, тексеру кезінде қолға түскен есірткі заттарын да көпшілік көзінше өртеп жіберген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу