Жол жабылған кезде полицияның жұмысына кедергі келтірген көлік жүргізушісі қамауға алынды

639

​Көлік жүргізушісі боранды күні Балқаштан полиция қызметкерлерінің шығаруын талап еткен.

Жол жабылған кезде полицияның жұмысына кедергі келтірген көлік жүргізушісі қамауға алынды

Полиция мамандары ауа райы қолайсыз болғанда жолға шығудың салдары ауыр болатынын хабарлайды. Тәртіпке бағынбай жолға шығып кеткендер сот шешімімен қамауға алынады немесе оларға айыппұл салынады. 5 қаңтарда Алматы - Екатеринбург тас жолы ауа райының қолайсыздығы кезінде жабылып қалған болатын.

Тас жолдың жабылған бөлігіне тізбектеліп көліктер жиналып қалған еді. Осы кезде көлік жүргізушілері тәртіп сақшыларынан жолды ашуды талап етіп шу шығарған болатын. Арасында Астана қаласының 31 жасар тұрғыны полиция қызметкерін жұлқып итеріп жіберген.

Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, жұмысына кедергі келтірген жүргізуші Астана қалалық сотының шешімімен әкімшілік қамауға алынды.

Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667 бабының 1 тармағына сәйкес хаттама толтырылған болатын. 

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу